Мен, Әйгерім Мұса «Электр энергетика» мамандығының 2-курс студентімін. Біздің университеттің шетелдік университеттермен ынтымақтасатынын білгенімде, АЭжБУ студенттерінің қандай мүмкіндіктерге ие екеніне таңғалдым. Мен бұл мүмкіндікті жоғалтпауды шешіп, құжаттарды тапсырдым. Содан кейін, шетелге жарты жылға ұшу күні келді, бұл қорқынышты және өте қызықты сәттердің бірі болды.
Келгеннен кейін университетпен (Познань техникалық университеті) және әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік студенттермен танысу басталды. Сабақтар толығымен ағылшын тілінде өткізілді, бұл ағылшын тілін кәсіби деңгейде дамытуға көмектеседі. Жаңа нәрсе үйрену өте қызықты болды, себебі оқытушылар сабақ көрсетілімдеріне, энергетика саласындағы оқу құралдарына барынша дайындалуға тырысты. Әр бейсенбі сайын, шетелдік студенттермен «Халықаралық кофе» кездесулері өткізілді. Кеш сайын, біз өз отанымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін талқыладық. Мен де туған жерім, Қазақстанды таныстыру мүмкіндігін жіберіп алмадым. Студенттердің жақынырақ танысуына ықпал ететін ойындар өткізілді. Осылайша мен әлемнің түкпір-түкпірінен достар таптым.
Сіз шетелде болсаңыз, Еуропа елдері бойынша саяхат жасай аласыз, бұл керемет. Сіз аз шығындалып, көп әсер аласыз.
Қорытындылай келе, мен бір нәрсені айтқым келеді, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұл өте құнды тәжірибе. Көптеген адамдар орындарынан қозғалмайды,себебі өзгерістер оларды қорқытады. Бірақ шындық мынада: өмірдің барлық марапаты жайлылық аймағынан тыс жерде. Баршаңызға сәттілік тілеймін ♥.
«Мен, «Электр энергетика» мамандығының 2-курс студенті Мадияр Баймуратов, қазір Прага қаласындағы Чехия техникалық университетінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім аламын. Прагадағы Чехия техникалық университеті әлемдегі ең жақсы техникалық университеттердің «Үздік-150» және Еуропадағы ең жақсы техникалық университеттердің «Үздік-5» кіреді.
Негізгі артықшылығы - университетте оқудың қиын еместігі, бастысы - оқуға жауапкершілікпен қарап, оқуды жақсы оқып, емтиханға дайындалу.
Сіз өзіңіз кесте жасай аласыз, бұл үлкен артықшылық. Елдің Еуропаның орталығында орналасуы өте ыңғайлы, бұл бүкіл Еуропа бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді.
2 ай ішінде мен Еуропаның 7 елінде, 13 қаласында және басқа да жерлерінде болдым.
Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген АЭжБУ студенттеріне - «Өмірде барлық нәрсе үлкен еңбек арқылы келеді» екенін айтқым келеді. Сондықтан, қазір біліміңізге барынша көңіл бөліңіз: тілдерді үйреніңіз, өзіңізді дамытыңыз, болашақта осы еңбектенгеніңіз сізге қызмет ететін болады».
«Мен, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2-курс магистранты, Айнамкөз Сисенова, қазіргі уақытта Эразмус + бағдарламасы бойынша Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде (Германия) білім алудамын. Анхальт университетінің басты артықшылығы - оқу процесі барлық пәндер бойынша тәжірибелік сабақтарға және дербес жобаларға бағытталған. Әр магистрантқа үйде әрі қарай өз бетінше жұмыс жасау үшін барлық қажетті жабдықтар беріледі. Зертханалық сыныптар дербес компьютерлермен және жаңа құрылғылармен жабдықталған. Университетте өте мықты профессорлық-оқытушылық құрам бар, телекоммуникация саласында үлкен тәжірибесі бар профессорлар дәріс оқиды. Барлық шетел студенттеріне жатақханадан бөлме беріледі.
«Мен, «Электр энергетика» мамандығының 2-курс магистранты, Диана Зинешева, Лотарингия Университетінде, нақтырақ айтсақ Ұлттық геология мектебінде - Франциядағы MOPGA стипендиясының есебінен білім аламын, екінші қатысушы - Әділ Байғаділов, «Энергетика» мамандығының 2-курс магистранты - халықаралық «Абай-Верн» бағдарламасы есебінен (айына 800 €) білім алады. Университет геология саласындағы жақсы білімімен танымал. Профессорлардың біліктілігі жоғары деңгейде. Сабақтар қызықты өтеді. Бізге дәріс оқуға әртүрлі танымал компаниялардың өкілдері, нақтырақ айтсақ TOTAL, Beicip-Franlab және т.б. келеді. Оқытудың ыңғайлы жүйесі де бар: 2 апта бойы біз пәнді оқимыз (дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар), ал екінші аптаның соңында біз осы пән бойынша емтихан тапсырамыз. Оқу кестесі өте жақсы ойластырылған, бұл артық жүктемелердің болуынан және тұлғалық дамуға (спорт, саяхат) уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Маған осы университет қабырғасында болу көптеген жағымды эмоциялар әкелді. Осы ортада инженерлік қызметтің жаңа саласын игеру процесі жердің әр түкпірінен келген топтастардың мәдени тұлғасын байытуға да негізделген. Жалпы, студенттердің кәсіби және жеке өсуіне ықпал ететін осындай бағдарламалардың бар екендігі бізді қуантады».
Диана Зинешева, Әділ Байғаділов
2
«Менің аты-жөнім - Марат Баешов. Мен 22 жастамын.«Электр энергетика» мамандығының 2-курс магистрантымын. 2019 жылдың жазында менде бір семестрге академиялық ұтқырлық арқылы Еуропаға бару мүмкіндігі болды. Оқитын елім Испания, Хихон қаласы болды. Мен қазіргі уақытта Астурия Князьдігіндегі ең ірі университет - Испанияның солтүстігіндегі провинциядағы Овьедо университетінде білім аламын. Құжаттарды жинау процесі өте жылдам болды, өйткені менде тапсыруға көп уақыт болмады. Бірақ визаны сәтті алып, 31 тамызда мен Испанияда болдым. Біздің Хихондағы алғашқы 2 аптамыз танысумен өтті. Біз барлық құжаттарды толтырдық, қаланың шет жағын қарап, университетті зерттедік. Оқуым басталғаннан мен оның процесіне толығымен кіре алдым, түрлі елдерден келген топтастарыммен таныстым. Айтпақшы, олар Бангладеш, Филиппин, Швейцария, Германия, Эфиопия және т.б. елдерден болатын. Оқу жүктемесіне келетін болсақ, мен техникалық және экономикалық пәндерді де алуға тырыстым. Осылайша, менің негізгі пәндерім Microgrids and Smartgrids (Smart Networks and Microgrids) және Жобаларды басқару (Project Management) болды. Сонымен қатар, бізде IoT курстарында бағдарламалау және Matlab Simulink, Powerworld Simulator және DIgSilent Powerfactory орталарында энергетикалық жүйелерді үлгілеу оқытылады. Мен аптасына бірнеше рет испан курстарына барамын. Сіз бұл жерде тым болмаса тіл негізін білуіңіз керек, өйткені Испанияда ағылшын тілді адамдар өте аз. Оқыту өте қарапайым, бірақ бұл жерде техникалық ағылшын тілін білу өте маңызды. Бәрін орыс тілінде білу бір нәрсе, бірақ сонымен қатар, профессорларға өз ойынды ағылшын тілінде жеткізу де бар. Еңбектеніп атқаратын жұмыстар көп, бірақ бұл біздің есептеу және графикалық жұмыстарымызбен бірдей, сондықтан менің ойымша, бұл АЭжБУ студенттеріне оңай болады. Уақыт өте тез өтуде, жақында менде емтихандар басталады. Бірақ осыншама уақыттан кейін, тапсырылған дәрістер мен жобалардан кейін мен өз өмірімде осындай тәжірибе жинағаным үшін еш өкінбеймін. Күмәнданатын немесе ойланып жүрген адамдарға бір семестрді басқа елде өткізуді ұсынамын. Жаңа адамдармен, еуропалық елдің жаңа мәдениетімен, оқытудың жаңа әдістерімен танысу сізді бей-жай қалдырмайды. Жалпы, мүмкіндік барда, уақытты босқа өткізбегеніңіз жөн! Сәттілік!»
Менің аты-жөнім Аманжол Райсов. Мен «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4-курс студентімін. Генуя университеті туралы менің тек жағымды пікірлерім бар. Генуя университеті - 1481 жылы құрылған, ол Еуропадағы ең көне университеттердің бірі болып саналады. Университет әдемі ежелгі қалада орналасқан. Кейбір аудиториялар сәулет ескерткіштері үйінде орналасқан. Университет әртүрлі ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады, үнемі әзірлемелерді патенттеп, ғылыми еңбектер жариялайды. Зертханалар жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған. Университетте студенттерге көптеген мүмкіндіктер бар, барлық факультеттер жатақхананың жанында орналасқан. Қалада кітапханалар өте көп. Университет аумағында студенттердің өз бетімен жұмыс жасауларына мүмкіндік беретін арнайы әдебиеттермен жабдықталған кітапхана кешені бар. Пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Университеттің артықшылығы – шетел студенттеріне тегін италиян тілін оқытуында. Маған бұл университетте білім алған ұнайды.
Менің аты-жөнім Ескендір Қыдырбаев, мен «Автоматизация және басқару» мамандығының 3-курс студентімін. Лодзь техникалық университетіне (Лодзь, Польша) келгенімде бұл оқу орнының мүмкіндіктеріне таңғалдым және қатты қуандым. Барлық сабақтар жоғары деңгейде өтеді. Бұл университетте 50 ғимарат бар және олардың барлығы жоғары оқу орындарының студенттеріне әртүрлі ғылыми жұмыстарда көмектесетін жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Лодзь қаласы - бұл Польшаның орталығындағы өте тыныш және әдемі қала, оның арқасында Еуропаның барлық елдеріне саяхаттауға болады.